Жаңалықтар
Өзі құрастырған өрт сөндіру көлігін өндіріске енгізгісі келеді
- author «Ақ жол»
- 12 тамыз, 2021
- 261
Өзі құрастырған өрт сөндіру көлігін өндіріске енгізгісі келеді
«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Ержан Жылқыбаев тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға алғаш болып кірген тараздық тұрғын Г.Құсайынова жұмысқа орналасу бойынша өтінішін жеткізсе, көпбалалы ана Т.Покатилова Төле би көшесіндегі жатақхананы жөндеуден өткізуді сұрады. Қалалық филиал төрағасы бұл үйдің «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасына енгізілгенін айтып, алдағы уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
Бұдан бөлек тұрғындар 15 мөлтек ауданына автобус жүргізу, «Кірпіш зауыты» алқабындағы көшелерге электр жарығын орнату, көшелерді жөндеу, Байзақ батыр көшесіндегі тұрғын үйлердің қоқыс жәшіктерін тұрақты тазалау мәселелерін көтерді.
Қабылдауға жазылған-дардың арасында жеке мәселелерімен қатар, қоғамдық маңызы бар түйткілдерді шешуге бағытталған жоба ұсынғандар да болды. Мәселен, өнертапқыш М.Аюбаев өрт сөндіру көлігін құрастыруға және оны өндіріске енгізуге қолдау көрсетуді сұрады. Қалалық филиал төрағасы бұл жұмыстардың қолданыстағы заңнамамен реттелетінін айтып, жобаның тиімділігін қарастыратынын жеткізді.
Партия филиалы төрағасы қабылдауға келген тұрғындардың тілек-өтініштеріне мұқиат назар аударып, көтерілген мәселелерді шешу бойынша жауапты бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Ұқсас жаңалықтар
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Неліктен Атом энергетикасы Қазақстан үшін маңызды?
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді