«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Әліппе» қайта оралады

«Әліппе» қайта оралады
ашық дереккөз
«Әліппе» қайта оралады
Биылғы жаңа оқу жылында балалар алғашқы білімнің бастауы болған «Әліппе» оқулығымен қауышпақ. Соңғы жылдары жұртшылық тарапынан еліміздегі білім беру ісі, оқулықтардың сапасы, ондағы балалардың логикасына салмақ салатын қисынсыз тапсырмалар,  оқыту үрдісіндегі қиындықтар  туралы сыни пікірлер жиі айтылып кеткен еді. Білім берудің жаңашылдық технологиясы, әсіресе жаңадан мектеп табалдырығын аттаған балалар үшін оңай соқпайтын. Осы олқылықтардың орны енді толмақ. «Әліппе» оқулығының мектепке  оралатыны жөніндегі жағымды жаңалыққа  ата-аналар  да  айрықша қуануда. Қуанбай қайтсін?! Бір ғана «Әліппенің» өзі кезінде оларға әріпті танытып, үлкен өмірге жолдама бергені әлі күнге аңыз болып айтылып келеді. «Әліппемен» бірге  «Букварь» оқулығы да Қазақстан мектептеріне қайта оралып жатыр.  Бұл жөнінде  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кеңінен айтып, оқулықтарды таныстырды.  «Бірінші қыр-күйекте өтетін іс-шарада біз алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға салтанатты түрде «Әліппе» оқулығын табыс етуіміз керек. Бұл – игі дәстүр. Аталған бағыттағы жұмысты уақытылы ұйымдастыру қажет. Бүлдіршіндердің алғашқы оқулығы бүгінде өңірлерге жеткізіліп жатыр. «Әліппе» ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалды», – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов. Облыстық білім басқармасы бапасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде  біздің өңірге де «Әліппе» оқулығы жеткізілуде. 25 тамызға дейін барлық мектептерге таратылады. Биыл облысымызда 22 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Олардың барлығы да алғаш партаға отырғанда жаңа «Әліппемен» қауышатын болады.  

Ұқсас жаңалықтар