Жаңалықтар
Коронавирусқа шалдыққандардың 99,9 пайызы вакцина салдырмағандар
- author «Ақ жол»
- 11 тамыз, 2021
- 207
Коронавирусқа шалдыққандардың 99,9 пайызы вакцина салдырмағандар
Коронавирусқа шалдыққандардың 99,9 пайызы вакцина салдырмағандар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
«Бүгінде 5,9 миллион адам вакцинаның 1 компонентімен егілді. Бұл екпе алуға тиісті халықтың 59 пайызын құрайды. 2 компонентті екпе алуға қажетті халықтың 45,2 пайызы шамамен 4,5 миллион адам алды. Вакцинацияның 1-дозасымен ең төменгі қамту проценті Маңғыстау облысында байқалады. Өңірлер вакцинаның жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Вакцинацияның тиімділігін бағалау барысында аурудың 99,9 пайызы вакцина алмағандарға тиесілі екендігі анықталды. Бұл ретте вакцинациядан кейін ауырғандардың үлесі небәрі 0,1 пайызды құрайды», деді Алексей Цой.
Министрдің айтуынша, екпе алмағандар арасында COVID-19-дан өлім-жітім үлесі 97,7 пайызды құрайды. Ал вакцинация алғандар арасында қайтыс болғандар 2,3 пайызды құрап отыр. Бұл ретте олардың ауыр созылмалы аурулары болған.
«Бұл факті COVID-тің ауыр салдарының алдын алудағы вакцинацияның тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдейді», деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Неліктен Атом энергетикасы Қазақстан үшін маңызды?
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді