Жамбыл облысының тәжірибесі кеңінен қолданылады
ҚР өңірлерінде Жамбыл облысының ауыл халқының табысын арттыру бойынша тәжірибесі кеңінен қолданылатын болады. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жамбыл облысында ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаны кеңінен қолдану мәселесі қаралды, – деп хабарлайды primeminister.kz сайты. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов, вице-министр – ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев баяндама жасады. Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаев хабарлағандай, өңір халқы 1 139 мың адамды құрайды, оның ішінде ауылдық жерлерде 685,1 мың адам (60,1%) тұрады. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар 51,1 мың адам, оның ішінде ауылдық – 31,1 мың адам (60,8%). 2019 жылы басталған «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жөніндегі» пилоттық жобаның 5 бағыты бойынша жалпы алғанда 9,2 млрд. теңге кредиттік қаражат игерілді. Жобаға облыстың 10 ауданының 11 пилоттық ауылдық округінің 25 елді мекенінен 2478 тұрғын және 11 жаңа ауыл шаруашылығы кооперативі қатысып, несие алды. Жоба 5 бағыт бойынша іске асырылды. 1 – бағыт. Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану 95%-ға арттыру.
2 – бағыт. Мал шаруашылығы бағытын дамытуға 6,4 млрд. теңге қаржыға 45 032 бас мал сатып алынды.
3 – бағыт. Елді мекеннен тыс 10113 га пай жер тиімді пайдаланылды.
4 – бағыт. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін қажетті техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 972,4 млн. теңгеге 190 дана техника сатып алынды.
5 – бағыт. Жергілікті тұрғындарға шағын бизнес ашу үшін 56,2 млн. теңгеге 11 жоба қаржыландырылып, шағын цехтар өз жұмыстарын жүргізуде. Пилоттық жобаның бірінші кезеңінде қол жеткізілген нәтижелерді атап өтуге болады:
- жеке кәсіпкерлер саны 2 282 артты;
- жобаны іске асыру нәтижесінде 5 жыл ішінде экономикалық тиімділік 14,9 млрд. теңгені құрайды (бір жылда 2,98 млрд. теңге);
- жұмыссыздар саны 194 адамға кеміді (528-ден 334-ке дейін);
- 589 жаңа жұмыс орны ашылды;
- АӘК алушылар саны 1058 отбасыға немесе 65% кеміді, (1615-тен 557 отбасыға). Атаулы әлеуметтік көмек төлеу есебінен үнемделген қаражат – 1 039 млн. теңге;
- қатысушылардың орташа айлық табысы 44 мың теңгеден 73 мың теңгеге немесе 165% артты.
- өндірістің нақты кейстары, технологиялық карталар бойынша модульдік оқыту;
- бизнес-жопар әзірлеуге көмектесу;
- микрокредиттер және гранттар беру;
- өнімдер мен қызметтерді сатуды ұйымдастыру. Ол үшін ірі сауда желілерімен, базарлармен, дүкендермен байланыс орнатуға көмек көрсетіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Неліктен Атом энергетикасы Қазақстан үшін маңызды?
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді