Құрбан айт – ізгілік мерекесі
Құрметті жерлестер! Сіздерді «Құрбан айт» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Құрбан айт – еліміздегі барша ұлттар мен ұлыстарды бірлік пен ізгілікке, қанағат пен қайырымдылыққа үндейтін, қазақ халқының салт-дәстүрімен біте қайнасып кеткен мейрамдардың бірі. Себебі, дана халқымыз ықылым замандардан бері отбасы мен ағайын- туысты, жақындарды құрметтеп, бауырмашылдықты ту еткен. Ізгілік нұрын себу, мұқтажға көмектесу – ежелден-ақ қанымызға сіңген абзал қасиеттер. Исі мұсылманның Құрбан айт мерекесі мемлекетімізде үлкен құрметке ие әрі ұлттың ынтымағын арттыруға үлес қосып келеді. Бұл мерекенің басты мәні – сыйластықты арттыру, жақсылық жасау, сыйлық сыйлау, мұқтаждарға көмектесу. Осы мерекеде ізгі амалдар жасап, құрбандық шалып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға жәрдемде су, науқас жандардың көңілін сұрау сауапты іс екенін баршамыз білеміз. Бұл күні отбасы мен туған-туысты, жақындарымызды құттықтап, жылы сөйлеп, көңілін көтеру, елді бірлікке шақыратын амалдар жасаған игі іс болмақ. Бүкіл әлемді алаңдатып отырған коронавирустық пандемия өміріміздің барлық салаларына өзгерістер енгізді. Биыл да Құрбан айт мерекесін карантин жағдайында қарсы алуға тура келіп отыр. Осыған түсіністік танытып отырған баршаңызға алғысымды білдіремін, өзгелерді де о сыған шақырамыз. Елді бірлікке шақыратын Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт- береке тілейміз.
Бердібек САПАРБАЕВ,
облыс әкімі.
Махметғали САРЫБЕКОВ,
облыстық мәслихаттың хатшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




