Тараз теміржол вокзалы жаңа кейіпке енеді
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Бауыржан Орынбасаровпен бірге Тараздағы теміржол вокзалының жай-күйімен танысты.
Қазіргі кезде 1986 жылы салынған теміржол вокзалының бас ғимаратын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мердігер – «Энергетикалық құрылыс» ЖШС. Вокзал түбегейлі өзгеріп, жаңа келбетке ие болуда. Құрылысшылар шатыр мен төбені, есіктер мен терезе жақтауларын ауыстырып үлгерген. Ғимараттың қасбетін жаңарту да жоспарда бар. Нысанның заманауи дизайны облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірге әзірленіпті. Сондай-ақ, жаңа билет кассалар орнатылып, су құбыры, кәріз және жылу жүйелері ауыстырылады. Жолаушылар терминалы, қонақ үй мен асхана орналасқан екінші қабатта да жұмыс қызу жүруде. Жергілікті сәулетшілер ғимараттың қабырғаларын көркем суреттермен безендіруде.
Жолаушылар платформалары, вокзал аумағы да ретке келтірілмек. Айта кету керек, вокзал қалыпты режимде жұмыс істеуде. Мердігер ұйым билет кассаларына арналған уақытша ғимарат тұрғызған.
- Біз жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауымыз керек. Вокзал – Таразға келген қонақтардың ең алдымен табан тірейтін орны. Оны қаланың айнасы деп санауға болады. Вокзалдың сыртқы келбеті ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетудің жоғары үлгісімен де келушілерге әдемі әсер сыйлау керек, - деді Бердібек Сапарбаев.
Ол вокзал маңындағы барлық нысандардың бірыңғай стилі мен мазмұнға ие болу керектігін атап өтті. Осы орайда, іргедегі тұрғын үйлердің қасбеттері де жаңартылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Неліктен Атом энергетикасы Қазақстан үшін маңызды?
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді