Тұрғындар дән риза
«Таразға тарту» жобасы аясында шаһардағы кіші спорт және ойын алаңдары салынып, скверлер, аллеялар мен саябақтар абаттандырылуда. Мұндай жұмыстар қаланың 42 бөлігінде жүргізілуде. Оларды аудан әкімдіктері, облыс әкімдігі мен қала әкімдігіне қарасты басқармалар, департаменттер өзара бөліп алып, демеушілердің күшімен көгалдандырып, жөндеуден өткізуде. Жоба аясында жас алып жатқан жұмыс барысымен т анысу үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бірқатар нысандарды аралап көрді. Аймақ басшысы а лдымен Абай даңғылы бойындағы №153 және №155 көпқабатты тұрғын үйлердің көшеге қараған бетіндегі аллеяның абаттандырылуын көрді. Оны облыстық мәдениет, архивтер және құжатт ама, тілдерді дамыту және облыстық туризм басқармалары бірлесе жасапты. 600 шаршы метрге брусчатка төселіп, 280 шаршы метр көгеріштендірілген. Бұдан бөлек, аллеяға 10 орындық пен қоқыс жәшігі, 10 жарық шамдары орнатылған. Сонымен қатар 54 шаршы метр алаңға спорт алаңшасы салынған. Ондағы абаттандыру жұмыстары толық аяқталыпты. 
Сондай-ақ осы көшедегі №200 тұрғын үйдің жанындағы скверді Сарысу ауданының әкімдігі абаттандыруда. Аудан әкімі «Таразға тарту» жобасы аясында 44 шаршы метрге брусчатка, 500 шаршы метрге асфальт жабынын, 180 шаршы метрге резеңке жабындысын төсегенін айтты. Бұдан бөлек, 4 жарық шамы, қоқыс жәшіктері, орындықтар, балаларға арналған және спорттық ойын алаңшалары орнатылып, көгеріштендіру жұмыстары жүргізілген.
Осы көпқабатты тұрғын үйдің тұрғыны Гүлмира Рашова: «Үйіміздің қасында осындай ойын, спорт алаңшалары салынып, сквердің жасалғанына қуанып отырмыз. Тұрғындардың алғысы шексіз. Жаңа отырғызылған тал-дарақтар қурап қалмасын деп күнделікті түбіне су құйып, аула тұрғындары оны өз күтімімізге алдық. Осындай жобаны қолға алып, қаланы абаттандырып жатқан сіздерге зор алғысымды білдіремін», – деді ол.
Бұдан кейін облыс әкімі С.Сейфуллин көшесіндегі №27, 28, Т.Рысқұлов көшесіндегі №25 және Қ.Тұрысов көшесіндегі №23, Қазыбек би көшесіндегі №131,133 және 179 көпқабатты тұрғын үйлердің айналасындағы скверлерде болып, ондағы Жамбыл, Жуалы, Мойынқұм және Т.Рысқұлов аудандары әкімдіктерінің жобаға қосып жатқан үлестерін көріп, халықтың жылы пікірін тыңдады.

Сондай-ақ осы көшедегі №200 тұрғын үйдің жанындағы скверді Сарысу ауданының әкімдігі абаттандыруда. Аудан әкімі «Таразға тарту» жобасы аясында 44 шаршы метрге брусчатка, 500 шаршы метрге асфальт жабынын, 180 шаршы метрге резеңке жабындысын төсегенін айтты. Бұдан бөлек, 4 жарық шамы, қоқыс жәшіктері, орындықтар, балаларға арналған және спорттық ойын алаңшалары орнатылып, көгеріштендіру жұмыстары жүргізілген.
Осы көпқабатты тұрғын үйдің тұрғыны Гүлмира Рашова: «Үйіміздің қасында осындай ойын, спорт алаңшалары салынып, сквердің жасалғанына қуанып отырмыз. Тұрғындардың алғысы шексіз. Жаңа отырғызылған тал-дарақтар қурап қалмасын деп күнделікті түбіне су құйып, аула тұрғындары оны өз күтімімізге алдық. Осындай жобаны қолға алып, қаланы абаттандырып жатқан сіздерге зор алғысымды білдіремін», – деді ол.

Бұдан кейін облыс әкімі С.Сейфуллин көшесіндегі №27, 28, Т.Рысқұлов көшесіндегі №25 және Қ.Тұрысов көшесіндегі №23, Қазыбек би көшесіндегі №131,133 және 179 көпқабатты тұрғын үйлердің айналасындағы скверлерде болып, ондағы Жамбыл, Жуалы, Мойынқұм және Т.Рысқұлов аудандары әкімдіктерінің жобаға қосып жатқан үлестерін көріп, халықтың жылы пікірін тыңдады. * * *
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын және «Таразға тарту» жобасы аясында демеушілердің есебінен салынып жатқан аллеяларды аралады. Алдымен Бердібек Машбекұлы Тәуке хан көшесінің аяқ жағында бой көтеретін бокс сарайының және мұз айдынының жобаларымен танысып, алғашқы іргетасын қалады. Екі спорт кешені де 2022 жылы пайдалануға беріледі. – Жамбыл спортының әрқашан жұлдызы биік. Келешекте де солай болып қалуы керек. Сондықтан тек күрес немесе футболға басымдық бермей, басқа да спорт түрлерінің де дамуына жағдай жасауымыз керек. Осы мақсатта бүгінде нақты жұмыстар жүргізілуде. Ал бүгін алғашқы іргетасы қаланған бокс сарайы мен мұз айдынынан болашақта талай Олимпиада чемпиондарының тәрбиеленіп шығатыны анық. Екі нысанның да жобасы жақсы. Енді тек өз міндеттеріңізге жауапкершілікпен қарап, жақсылап жұмыс істеңіздер,– деді Бердібек Машбекұлы. Мұнан кейін облыс әкімі «Таразға тарту» жобасы аясында Айша бибі көшесінде салынған «Спорт қалашығын» және дренаж каналын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. «Спорт қалашығында» «street workout» алаңшасы, 8 жасқа дейінгі балаларға арналған ойын алаңшасы және екі орындық әткеншек, екі үстел теннисі орнатылған. Сонымен қатар осы көшенің басынан Айша бибіге арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті. Сондай-ақ өңір басшысы әл-Фараби көшесіндегі №7, 25, 26, 27 үйлердің ауласындағы скверлерді және «Қарасу» каналының жағалауын абаттандыру жұмыстарын көріп, С.Сейфуллин көшесіндегі «Қаржыгерлер аллеясына» атбасын бұрды. Жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстарды көрген Бердібек Машбекұлы жұмылған жұдырықтай бірлесе еңбек етіп жатқан облыс әкімдігінің басқармаларына, Тараз қаласы әкімдігіне алғысын жеткізді. – «Жалғыз ағаш орман болмас» демекші, жалғыз адам ешнәрсе істей алмайды. Бәріміз осы қалада тұрып, ауасын жұтып, суын ішіп жатқандықтан шаһарымыздың келбеті көріктеніп, ажары ашыла түсуі үшін бірігіп жұмыс істеуіміз қажет. Облыс орталығының тотыдай таранып, сұңқардай сылана түсуіне тек қала әкімдігі ғана емес, бәріміз жауаптымыз. Бұдан кейін де дәл осылай жұмыс жасауымыз керек,– деді Б.Сапарбаев. Ал өңір басшысы барған аллеяларда демалып отырған егде жастағы қарт кісілер, ұл-қызын ойнатып жүрген ата-аналар облыс, қала әкімдігіне ризашылықтарын жеткізді. – «Қарасу» ықшам ауданында тұрып жатқаныма ондаған жылдың жүзі болды. Шыны керек, ауданымызда ешқашан дәл осылай қарқынды жұмыс істелмеген. Тіпті ұзақ жылдар бойы қараусыз жатқан, қаңғыбастардың мекеніне айналған «Қарасу» каналының айналасы абаттандырылып, жайлы демалыс орнына айналды. Шағын футбол алаңшасы да салынды. Кешкілік балаларымыз алаңшада доп ойнаса, аллеяда, канал бойында тұрғындар демалады. Осылайша, «Қарасу» бір жылға жетер-жетпес уақытта адам танымастай өзгерді. Сондықтан Бердібек Машбекұлына, Ержан Жұматұлына және игі істің басы-қасында жүрген барлық жауапты азаматтарға айтар алғысымыз шексіз, – деп ағынан жарылды ықшам аудан тұрғыны Айткүл Қосарова.Марат Құлибаев
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




