200 000-шы тұрғын вакцина қабылдады

200 000-шы тұрғын вакцина қабылдады
ашық дереккөз
200 000-шы тұрғын вакцина қабылдады

Жамбыл облысының 200 000-шы тұрғыны коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина қабылдады

83 жастағы Орынша Елшібаева әлемді алаңдатып отырған коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны  балаларының барлығы салғызғанын айтты. Тек емізулі баласы бар келіні ғана қалған соң, бүгін қария өз еркімен тұрғылықты мекен-жайындағы емханаға келіп, екпе қабылдағысы келетінін айтыпты. Облыстың 200 000-шы тұрғыны ретінде вакцина қабылдау мәртебесі бұйырғанына қуанған Орынша апа: "Барлық елге ауырғаннан-ауырмаудың алдын-алу үшін екпе салңызған жөн. Үйіңнен шыға алмай, қорқып отырғанша, сақтық шараларын қабылдап алып, еркін жүргенім жақсы",-дейді.  7 баласы, 20 немересі, 13 шөбересі бар қария Тәуелсіздігіміздің 30 жылы ішінде елімізде болған барлық іс-шараларға белсене ат салысып келе жатқанын  айтты.

 width=  width=

Ұқсас жаңалықтар