Әбілханның жеңіспен оралатынына сенемін!
23 шілде күні Токиода көптен күткен Олимпиада ойындары басталады. Қазақстандық спортшылар 96 лицензияны иеленіп, спорттың 27 түрінен жарыстарға қатысады.
Әрине, оның ішінде ерекше орын алатын – бокс. Себебі қазақстандық (оның ішінде жамбылдық) бокстың әлем мойындаған жетістіктері және қалыптасқан дәстүрлері бар. Бұл олимпиадада қазақстандық боксшылар барлық 8 салмақтық категорияларда лицензия иеленді. Солардың ішінде өзіміздің жерлесіміз, қасиетті Жуалының тумасы Әбілхан Аманқұлда (75 кг) бар.


Қазақ жастарының арасында дарынды және талантты, қабілетті және қасиетті, кеудесін керіп тұрған шығармашылық потенциалы бар студенттеріміз көп. Сол потенциалды сыртқа шығару үшін, халыққа паш ету үшін жастарға қажетті жағдайлар жасау қажет. Бұл университет ректорының негізгі міндеттерінің бірі.
Нұрлан айтқандай, Әбілхан сенімді ақтады, университетте оқып жүріп көптеген жетістіктерге қол жеткізді: республиканың 5 дүркін чемпионы, Азия чемпионаттарының қола (2017) және күміс (2021) жүлдегері, XVIII Азия ойындарының (2018) күміс жүлдегері, әлем чемпионатының (2017) күміс жүлдегері, WSB версиясы бойынша «ASTANA-ARLANS» кәсіби клубының құрамында әлем чемпионы (2018).
2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарының салтанатты ашылуында Әбілхан Қазақстанның туын көтеріп, ұлттық құрама команданың шеруін бастады.
2019 жылы Индонезияда Азия және Океания мемлекеттерінің арасында Токио Олимпиадасына лицензия алу үшін халықаралық іріктеу турнирінде Әбілхан жеңіске жетіп, олимпиадалық лицензияны иеленді. Бұл да үлкен жеңіс болды!
Дулати Университетін бітіріп, Әбілхан бүгінде екінші мамандық бойынша («мемлекеттік жергілікті басқару») білім алуда. Жақында Нұрлан мен Әбілхан маған келіп, сәлем беріп, Олимпиада алдында батамды сұрады. Батадан бақ даритынын біз жақсы білеміз. Ақ батамыз рух беріп, жігерілендіріп отырады. Шын жүректен ыстық ықыласымды білдіріп, Әбілханға сәттілік тіледім. Алламыз оған күш-қуат берсін! Тәуелсіздіктің 30 – жылдығына орай Әбілхан Елімізге, қазақ халқына үлкен жеңіс сыйлайтынына сенемін!
Махметғали Сарыбеков,
Жамбыл облысы бокс федерациясының вице – президенті
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




