Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы вакцина салдырды
Бүгін елордадағы №9 қалалық емханасында Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы вакцина алды. Отандық QazVac вакцинасын салдырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы екпеден соң өз жағдайы туралы айтып, көпшілікке вакцинаны алуға кеңес берді. «Бүгін алғашқы дозасын алдым, 21 күннен соң екінші дозасына алатын боламын. Дәрігерлерге алғысым шексіз, вакцинаны қалай салғанын сезбей де қалдым. Ешқандай кері әсері жоқ, өзімді жақсы сезініп тұрмын. Екпе алуды біздің имамдар бұған дейін бастап кеткен. Сондай-ақ, біздің басқарманың да біраз қызметкерлері коронавирус індетіне қарсы екпені алып жатыр. Шариғатымызда зәру болғанда екпені алу керектігі айтылған, сондықтан бұқараны екпе салуға шақырамыз. Әрине, вакцина салдыру әркімнің өз еркінде, дегенмен дәрігерлер денсаулық үшін керек дегеннен кейін, маманның сөзіне құлақ асқан жөн деп ойлаймын», - деді Н. Тағанұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




