Басты жаңалық
Билл Гейтс 21-ші рет ең бай америкалықтардың рейтингін басқарды
- author «Ақ жол»
- 2 қазан, 2014
- 808
Билл Гейтс 21-ші рет ең бай америкалықтардың рейтингін басқарды
Forbes америкалық журналы осымен 21-ші рет Microsoft корпорациясының негізін қалаушы 58 жастағы Билл Гейтсті АҚШ-тың ең бай миллиардері деп танып отыр. 400 ең бай америкалықтардың жаңа рейтингі Forbes журналының сайтында жарияланған.
2014 жылдың 29 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, Гейтстің байлығы 81,2 миллиард долларға тең. Тек наурызда ғана, Forbes ұсынған мәліметтерге сәйкес, бұл көрсеткіш 76 миллиард долларды құраған еді. Жаңа рейтинг бойынша Гейтс мексикалық Карлос Слимді (наурызда оның байлығы 72 миллиард долларға тең болды) басып озып, төрт жылдық үзілістен кейін өз тұғырына қайта жайғасты. Американың 400 «шіріген байы» тізімінде екінші орынға 67,8 миллиард доллар дәулетімен 84 жастағы Уоррен Баффет орналасты. Рейтинг көшбасшыларының алғашқы үштігін Oracle брендінің негізін қалаушы Ларри Эллисон бекітті, Forbes-тың нұсқауынша, оның байлығы 48,1 миллиард доллар шамасында.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




