Грецияда шатастырып тірі адамды жерлеген
Солоники қаласының маңында орналасқан мазарда
45 жастағы әйелді шатастырып тірідей көміп жіберген.
Жерленген әйел бұған дейін қатерлі ісікке шалдыққан екен. Оның дәрігері пациент қайтыс болды деген қорытынды шығарып, денесін туыстарына жерлеуге берген. Ал, науқас жер қойнауына тапсырылғаннан кейін сол маңда болған адамдар жер астынан айқайлаған ащы дауысты естіпті. Көр дереу қазылып, табыт сыртқа шығарылғаннан кейін дәрігерлер мәйіттің қатерлі ісіктен емес, 5 минут бұрын тұншығып қайтыс болғанын мәлімдеген. Яғни, марқұмды туыстары тірідей көміп жібергені анықталып отыр. Қазір олар «қайтыс болды» деп қорытынды шығарған дәрігердің үстінен сотқа шағым түсірді.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




