Жаңалықтар
Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтарға 1,2 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды
- author «Ақ жол»
- 3 маусым, 2021
- 598
Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтарға 1,2 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды
Ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 31 мамыры аралығында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары 94 788 рейд жүргізіп, 585 393 нысанды тексерді. 16 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны шектеу талаптарын бұзған.
Карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандарының басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.
Мониторинг барысында карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істейтіндігі, жұмыс кестесіне қойылатын шектеулердің сақталмайтындығы, бұқаралық шаралардың ұйымдастырылатындығы анықталды.
Тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша 300 іс сотқа жіберліп, 76 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды.
Карантин талаптарын бұзғаны үшін 9,1 мың шағын және орта бизнес иесі, 6,8 мың жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден асады.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




