Тұрақтағы автокөлігін ұрлап кеткен
Тараз қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығына 31 жастағы Тараз қаласының тұрғыны автокөлік ұрлығы туралы хабарласып, түнде қаланың шағын аудандарының біріндегі үйінің жанында тұраққа қойған ВАЗ-2114 маркалы автокөлігін белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін айтып шағымданған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті кінәсін толық мойындап, ұрланған көлікті қосалқы бөлшектерге сатқанын айтты. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




