Мемлекеттік қызметті еркін пайдалана аласыз
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жоспарды іске асыру мақсатында Халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы бірнеше анықтамаларды смартфондар арқылы алуға болады. Соның ішнде Сіздерге eGov Mobail қосымшасы туралы айтқым келіп тұр.
«eGov mobile» электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы Google Play (талап етілетін нұсқасы Android - 5.0 немесе одан кейінгі нұсқасы), AppGallery, AppStore-де (талап етілетін нұсқасы iOS - 11.3 немесе одан кейінгі нұсқасы) жүктеу үшін қолжетімді.
Қосымшада ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы авторизациядан өтуге болады.
eGov mobile мобильдік қосымшасы ЭЦҚ-ны барынша ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді:
- ЭЦҚ-ны мобильді қосымшадан санаулы минуттарда ХҚКО-ға бармай-ақ шығарыңыз.
- Қолда бар ЭЦҚ-ны 4 таңбалы PIN-кодқа және құрылғыңыздың кіріктірілген биометриясына (Face ID, Touch ID) бекітіңіз, сіз ЭЦҚ таңдауға, авторизация және қызметтерді алу кезінде әр жолы пароль енгізуге алаңдамауыңызға болады.
- egov.kz сайтындағы қосымшада QR кодты сканерлеу арқылы авторизациялану және қызметтерге қол қою мүмкіндігі;
- ХҚКО қызмет көрсету үшін мемлекеттік баж салығын төлеу;
- Сондай-ақ, QR кодты сканерлеу арқылы "Цифрлық құжаттар"сервисінде үшінші тұлғаның құжатын көруге рұқсат алуға болады. eGov mobile ҚР мемлекеттік органдарының сервистерін шақыру арқылы қолжетімділік бөлінген құжатты жүктейді.
- «Цифрлық құжаттар» - eGov Mobile қосымшасында жеке электрондық құжаттарды сақтау сервисі. Сондай-ақ, сервис азаматқа оның келісімі бойынша үшінші тұлғаларға құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
- «Электрондық еңбек биржасы» - жұмыс іздеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң. Осы сервис арқылы сіз:
- «Денсаулық паспорты» пациенттің денсаулық жағдайы туралы құрылымдалған ақпарат, сондай-ақ медициналық ұйымға тіркелу деректері, диспансерлік есепке алу, стационарлық деректер, зертханалық зерттеулердің нәтижелері және т.б. сақталатын, құжатты iOS-тағы «Денсаулық» бағдарламасына түсіру мүмкіндігі бар клиникалық құжатты алуға мүмкіндік береді.
- «Зейнетақы калькуляторы» сіздің болашақ зейнетақы төлемдеріңіздің болжамды мөлшерін есептеуге мүмкіндік береді.
Ш.Елемес,
Халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қалалық №1 бөлімнің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Кәсіпкерлерге берілген мүмкіндік мол
- Бүгін, 11:19
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді