Жаңалықтар
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі болып Самат Сүлей тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 18 мамыр, 2021
- 664
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі болып Самат Сүлей тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі болып Самат Сүлей тағайындалды.
Самат Мирұлы 1985 жылы туған, білімі жоғары.
2008 жылы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «халықаралық журналистика», 2019 жылы Стамбул университетін (Түркия мемлекеті) «журналистика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Ол еңбек жолын 2005 жылы «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамында редактор болып бастаған.
Әр жылдары «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамында 2006-2009 жылдары «Азамат», «Таразы», «Арнайы репортаж» бағдарламаларының продюсері, «Жеті күн» бағдарламасының редакторы болып еңбек еткен. 2014-2017 жылдары «Астана» телеарнасы және «Қазақ» радиосының Түркиядағы меншікті тілшісі, 2017-2018 жылдары Маңғыстау облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар орталығы» басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.
2018-2021 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




