Жаңалықтар
«Төбелес» пе, жоқ әлде «жекпе-жек» пе? «Шалғай Қарасудағы» спорт сарайының шын атауы қалай?
- author «Ақ жол»
- 17 мамыр, 2021
- 686
«Төбелес» пе, жоқ әлде «жекпе-жек» пе? «Шалғай Қарасудағы» спорт сарайының шын атауы қалай?
Редакцияға Тараз қаласы әкімінің №10-шы аумаққа қарасты «Шалғай-Қарасу» тұрғын-жай алқабының еңбек ардагері, зейнеткер Күздеубай Смайыл бастаған 12 тұрғын қол қойған шағым хат түсті. Онда бас редакторға тұрғындар елді мекендегі бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан жол, түнгі жарық, тазалық, басқа да бірқатар түйткілді мәселелерді қозғап, қала әкімінің назарын аударатын мақала жазу үшін газет тілшісін жіберуді өтініпті. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алған бас редактордың шұғыл тапсырмасымен бірден облыс орталығының іргесіндегі мекенге тартып кеттік. Бұрын Жамбыл және Байзақ аудандарына қарап келген қалаға жақын орналасқан барлық аумақтарда шешімін күткен мәселелердің жетіп артылатынын үш жыл бұрын «Aq jol» газетінде үздіксіз жазған едік. Онда бүгінде халық саны 17 мыңға жуықтаған «Шалғай Қарасудағы» шешімін күткен мәселені де мүмкіндігімізше барынша қамтығанбыз. Тұрғындардың «тағы да газет тілшісін жіберуін өтінуі» осы. Облыстың бас басылымында дамылсыз қағып жатқан дабылымыздан кейін бір аумақта түйткілді мәселе шешілсе, екінші бір жерде жүрдім-бардым атқарылған тірлікті естіп те, көріп те жүрміз. Қала басшылығының сырғытпа жауабы да келіп жататын.

Амангелді ӘБІЛ
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




