Жаңалықтар
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды
- author «Ақ жол»
- 17 мамыр, 2021
- 576
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER – 2021» Ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды.
Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар бәйгеге қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау уақыты 2021 жылдың 17 мамырынан 15 маусымына дейін жүзеге асырылады.
Конкуртық жұмыстар 2020 жылдың 1 қарашасы мен 2021 жылдың 1 маусым аралығында жарияланып, басылымында, интернет-ресурста жариялануы не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:
- Жылдың үздік фотосуреті
- Жылдың үздік репортажы
- Жылдың үздік аналитикалық материалы
- Жылдың үздік журналистік зерттеуі
- Жылдың үздік сұхбаты
- Жылдың үздік танымдық материалы
- Радиостанциядағы үздік жоба
- Жылдың үздік жаңалықтар порталы
- Жылдың үздік газеті
- Жылдың үздік журналы
- Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




