Карантиндік шектеулер күшейтіледі
Тараз қаласы аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасынының негізінде Тараз қаласы «қызыл аймаққа» өтті.
Тараз қаласының тұрғындары арасында COVID-19 алдын алу, таралуын болдырмау мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1.«Жамбыл облысының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы»Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 16сәуірдегі № 2 қаулысына (бұдан әрі - № 2 БМСДҚ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) №2 БМСДҚ 2 тармағы 2.1 тармақшасымен толықтырылсын: 2.1. Тараз қаласының әкімі, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар, Тараз қаласының кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:
2.1.1.ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
2.1.2.қоғамдық үй-жайларда, қоғамдық көлікте, 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау кезінде қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағандабетперде кию талаптарын қатаң сақтау керек.
2.1.3жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен кеңсе, ұйымқызметкерлерін 80% қашықтықтан жұмыс істеу нысанына көшіру, 20%- күндізгі режимге ауыстыру;
2.1.4. сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, базарларда, халыққа қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын жерлерде дезинфекциялық іс-шараларды күнделікті жүргізу;
2.1.5.ХҚКО-лардың, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және оның құрылымдық бөлімшелерінің, банктердің, "Қазпочта" АҚ бөлімшелерінің жұмысын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі уақытты шектей отырып, әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ұйымдастыру, қызметкерлердің халыққа бір рет қолданылатын қолғаптармен және медициналық немесе мата маскаларымен қызмет көрсетуі;
2.1.6.алдын ала жазылу бойынша балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының әдеттегі режимдегі қызметіне санитариялық – дезинфекциялық режимді күшейте отырып-15 адамнан артық емес топтарда қызмет етуіне рұқсат беру;
2.1.7. санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, жұмыс уақытын шектей отырыпсағат 07.00-ден бастап сағат 23.00-ге дейін супермаркеттер мен гипермаркеттердің қызмет етуіне рұқсат беру;
2.1.8.аймақтарға бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың, кабинеттердің, стоматологияның алдын ала жазылу бойынша (жазу бойынша) қызметіне рұқсат беру;
2.1.9.күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, отырғызу орындарының саны бойынша толтырылатын қоғамдық көлік жұмысына рұқсат беру; көлікке отырғызуға жеке қорғаныс құралдарын (маскаларды) пайдалану кезінде ғана жол беріледі; қарбалас сағаттарда автобустар санын көбейту; барлық есіктерді аша отырып, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;
2.1.10. кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салу. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын топтардың жинақталуын сақтаған кезде рұқсат ету;
2.1.11.адамдар көп жиналуы мүмкін салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, жұмыс режимін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін шектей отырып, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 50%-ға дейін толтырылуымен, келушілердің саны отыратын орындар санына сәйкес бір уақытта бола отырып, 30-дан аспайтын отыратын орныбар үй-жайдағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беру;
2.1.12.санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып сағат 08.00-ден бастап сағат 05.00-ге дейін қоғамдық тамақтану объектілері мен фуд корттардың қызметіне рұқсат беру (тек жеткізуге және әкетуге);
2.1.13. жексенбі күндеріашық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес)жұмысын тоқтата тұру;
2.1.14.сенбі және жексенбі күндері сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің, оның ішінде онда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, объектілердің жұмысын тоқтата тұру;
2.1.15.сенбі және жексенбі күндеріжабық базарлардың (азық-түлік және азық-түлік емес),сауналардың, СПА орталықтарының, бассейндердің,спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтарының және фитнес-орталықтардың жұмысын тоқтата тұру;
2.1.16.санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендердің (жеке тұрған) қызметіне рұқсат беру;
2.1.17.санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, алдын ала жазылу бойынша сұлулық орталықтары мен салондарының, шаштараздардың, маникюр мен педикюр қызметтерінің, косметологиялық қызмет көрсететін орындардыңқызметіне рұқсат беру;
2.1.18.мәдениет объектілерінің (дайындық); театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының қызметіне тыйым салу;
2.1.19.діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей рұқсат беру;
2.1.20.ойын-сауық ұйымдарының (караоке, банкет залдары, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг,балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар ), батуттар және т. б.) қызметіне тыйым салу;
2.1.21.санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, толтырылуы 80%-дан артық емес кезде халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдардың (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т. б.)қызметіне рұқсат беру;
2.1.22.қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар қызметіне тыйым салу;
2.1.23. Қалааралық/облысаралық тұрақтыавтобустардың (шағын автобустардың) қозғалысына тыйым салу;
2.1.24. жалпы білім беретін мектептердің 1-8,10 сыныптарды дәстүрлі форматта оқытуды онлайн форматта оқытуға көшіру;
2.1.25.оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1 сынып - 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдерін сақтау); 2.1.26. Тараз қаласының әкіміне, Тараз қалалық полиция басқармасының бастығына, Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысына: - Тараз қаласының мобильді мониторингтік топтарының жұмысын күшейту;
- карантин кезеңінде шектеу іс-шараларын орындамау және белгіленген басқа да талаптарды бұзуанықталған кезде тиісті әкімшілік шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес объектінің қызметін тоқтата тұру жөніндегі шараларды қолдану;
- қоғамдық жерүсті және жерасты өткелдерін, саябақтарды, скверлерді, аялдамаларды, балалар және спорт алаңдарын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді жүргізу.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы қаулы 30.04.2021жылы 00 сағат 00 мин. бастап күшіне енеді.
Ұқсас жаңалықтар
Мейрамбек Беспаев үшінші рет әке атанды
- Бүгін, 12:26
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді