Президент Рафаэль Ниязбекке құттықтау жолдады
Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлығының иегері Рафаэль Ниязбек туындыларын барша көпшілік жылы қабылдаған қаламгер. Ол – құстың қос қанатындай болған поэзияда да, прозада да өнімді еңбек еткен ақын-жазушы. Ол 1961 жылы еңбек жолын Талас аудандық «Талас тынысы» (бұрынғы «Ленин жолы») газетінен бастап, республикалық «Жұлдыз» журналында, қазақ радиосында, «Жазушы» баспасында жемісті еңбек еткен. Оның қуатты қаламынан отыздан астам прозалық және поэзиялық кітаптары жарық көріп, қалың оқырман тарапынан жылы қабылданған.
Жақында жазушы 78 жасқа толды. Қазақ әдебиетіне біраз олжа салған ақынға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау жолдады. Президенттің бұл құттықтауын жазушыға Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері тапсырды. «Құрметті Рафаэль Ниязбекұлы! Сізді туған күніңізбен құттықтаймыз! Замандастарыңыз өзіңізді асқақ рухты поэзия пырағының тізгінін ұстаған айтулы ақын, ұлтжанды азамат ретінде жақсы біледі. Мерзімді басылымдарда, қазақ радиосында және баспада жемісті жұмыс жасап, еліміздің рухани-мәдени дамуына атсалыстыңыз. Шығармашылық жолда үлкен табыстарға қол жеткізіп, өрелі өлеңдеріңізбен ел-жұрттың құрметіне бөленіп келесіз. Алдағы уақытта да елдің бірлігін, халықтар достығын жырлаған туындыларыңыз оқырмандар тарапынан жоғары бағасын ала беруіне тілектестік білдіремін. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен бақ-береке тілеймін», – деп жазылған құттықтау хатта.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Мейрамбек Беспаев үшінші рет әке атанды
- Бүгін, 12:26
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді