Жаңалықтар
Түзеу мекемесіне жалған құжатпен кірмек болған азаматша ұсталды
- author «Ақ жол»
- 19 сәуір, 2021
- 777
Түзеу мекемесіне жалған құжатпен кірмек болған азаматша ұсталды
Тараз қаласындағы түзеу мекемелерінің біріне жалған неке куәлігімен ұзақ мерзімді кездесуге кірмек болған азаматша ұсталды.
– Ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесінде жазасын өтеуші жұбайымен ұзақ мерзімді кездесу үшін 32 жастағы азаматша ұсынған неке куәлігі жалған құжат екендігі анықталды. Аталған заңбұзушылықты мекеме қызметкерлері Ақтөбе қалалық АХАЖ бөлімімен неке қию туралы куәлігін растау үшін салыстырып тексеру үшін қоңырау шалу барысында белгілі болды. Азамашта ұсынған неке қию туралы куәліктің тіркеу базасында жоқ болып шықты. Яғни, сотталған А есімді азаматпен Р есімді азаматшаның неке қию туралы куәліктері заңдастырылмаған, - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда аталған факт бойынша сотталған азаматпен кездесу үшін заңды бұзған әйелдің үстінен ҚР ҚК-нің 352 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалуда.
Облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




