Байрақты бәсекеде бағы жанды

Әулиеаталық боз кілем шебері Алматы қаласында өткен құрлықтық додада топ жарып, еліміздің көк байрағын желбіретті.
Осыған орай грек-рим күресінен Азия чемпионы атанған жерлесіміз Сұлтан Әсетұлын облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек қабылдады.
Оңтүстік астанада «Балуан Шолақ» спорт сарайында күрес түрлерінен Азия чемпионатының жүлделері сарапқа салынған аламанда, грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта жерлесіміз жеңімпаз атанған еді. Бірінші белдесуінде Тайпейлік балуанды айқын жеңіп жартылай финалда Сериялық спортшыны шаң қаптырды. Ал, ақтық сында Иранның аты шыққан балуанын тізе бүктіріп Азия чемпионы атанды.
Сұлтандай ел намысын қорғап, көк туымызды желбіретіп жүрген азаматтарымыз, әрбір өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі-өнеге деген облыс әкімнің орынбасары, байрақты бәсекелерде бабы мен бағы қатар келуіне тілектес екенін жеткізіп, олимпиада шыңын бағындыруын тіледі.Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




