Жаңалықтар
Білім министрлігі неліктен вакцина өндірумен айналысады
- author «Ақ жол»
- 14 сәуір, 2021
- 535
Білім министрлігі неліктен вакцина өндірумен айналысады
Коронавирусқа қарсы вацинаны жаппай өндірумен неліктен Денсаулық сақтау министрлігі емес Білім және ғылым министрлігі айналысады? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов жауап берді.
«Вакцинаны әзірлеуші институт Білім министрлігіне қарасты ұйым саналады. Сондықтан біз, денсаулық сақтау жүйесі ретінде аталған вакцинаның тиімділігін бақылауға және оларды нарыққа жіберуге қатысамыз. Бұл жалпы әлемдік тәжірибе саналады. Денсаулық сақтау министрлігінің құзіретін өндіру кірмейді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. Бірінші вице-министр қазақстандық вакцинаны шығаруға Денсаулық сақтау министрлігі қандай көмек көрсететіндігін де айтып берді. «Дәрілік заттарды сараптау орталығымыз клиникалық сынақтың барлық сатысында сараптама жүргізіп, нәтижесінде сарапшылық қорытынды береді. Комиссия қорытындысы жасалады. Содан кейін аталған препаратты Медициналық-фармацевтикалық бақылау комитетінде тіркеу жүргізіледі», - деді Марат Шоранов.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




