ЖАМБЫЛДЫҚТАР АСТАНА ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ

ЖАМБЫЛДЫҚТАР АСТАНА ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ
ашық дереккөз
ЖАМБЫЛДЫҚТАР АСТАНА ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ

Бүгін Астана тұрғындарына облыстың шаруашылық құрылымдары, жеке кәсіпкерлер ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесін өткізеді. Осыған орай облыс әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Абдалы Нұралиевке Астанаға аттанар алдында бірер сұрақ қайған едік.

– Абдалы Тоқбергенұлы, Астана жұртшылығына қанша азық-түлік тауарын жөнелттіңіздер? – Мемлекет басшысының Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру жөніндегі тапсырмасына орай біздің облыс шаруалары мен кәсіпкерлері жыл сайын ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесін өткізуді дәстүрге айналдырды. Елордалықтар мен қонақтарына 55 миллион теңгенің 190 тонна ауылшаруашылық тауары ұсынылады. – Сіздер жыл сайын жәрмеңке өткізіп келесіздер, жалпы Арқа жұртының қандай азық-түлікке аңсары ауады? – Ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесі етсіз өткен бе?! Осыны ескеріп, 35 миллион теңгеге жылқы, сиыр, қой және шошқа етін тұтынушылар талғамына саламыз. 3 миллион теңгенің 13,4 тонна сүт, 4 миллион теңгенің 5 тонна шұжық өнімдерін ұсынамыз. Көкөніс-бақша өнімдеріне сұраныс көп.10 миллион теңгенің 124 тоннадан астам картоп, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ, қауын, асқабақ, алма жәрмеңкенің бірінші күні-ақ өтіп кететін шығар. Мұнымен қоса, ара балы, қымыз, шұбат, өсімдік майы, макарон өнімдері және кептірілген жеміс-жидекті де алушылар көп болады деп ойлаймыз. Жәрмеңкенің екі күнге созылатынын ескерсек, шаруаларымыз бен кәсіпкерлеріміздің өндірген өнімі түгел өтеді деген сенімдеміз.

Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар