Жаңалықтар
Халыққа сапалы қызмет көрсетіп, қолайлы орта қалыптастыру керек
- author «Ақ жол»
- 3 сәуір, 2021
- 649
Халыққа сапалы қызмет көрсетіп, қолайлы орта қалыптастыру керек
Агенттік өкілдерінің қатысуымен Жуалы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Олжас Қаржауов пен бөлім басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Алдымен аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Қойбақов пен арнайы мониторинг тобының жетекшісі Керімқұл Бегалиевтың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ауданда атқарылған жұмыс есебі тыңдалды. Ауданда қанша бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасалғанын, онда қанша тәуекел анықталғанын, заң тармақтарының қанша пункті орындалғандығы жайында сөз болды. 11 бөлімде жүргізілген талдау нәтижесінде екі тәуекел ғана анықталған. Жазира Жылқышиева талдаудың формалды жүргізілгенін айтып, аудан басшысына өткен жыл мен биылғы жылдың І жартыжылдығына қайта талдау жасау керектігін, оған қоғам өкілдерін қатыстыру қажеттігін тапсырды. Және барлығы ашық, жариялы түрде жүргізілуін ескертті. Аудан әкімі Олжас Еселханұлы бұл бағыттағы жұмыстың кемшіліктерін мойындап, бүгінгі таңда оларды түзету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізетіндігін айтты.

Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




