АҚШ Сирияға әуеден соққы бере бастады
Пентагонның ресми өкілі адмирал Джон Кирби Құрама Штаттардың “Ислам мемлекеті” лаңкестік ұйымына қарсы әуеден соққы бере бастағанын айтып хабар таратты. Оның айтуынша, Сирияда аталған террористік ұйым орналасқан жерлерге шабуыл жасау қолға алынған. Бұған дейін АҚШ президенті Барак Обама да «Ислам мемлекетіне» қарсы күресті күшейтетінін мәлімдеген еді. Ал Ресей жағы үзілді-кесілді қарсы. Владимир Путин Сирия үкіметінің рұқсатынсыз АҚШ-тың шабуылдауы қисынсыз деген ұстанымда. Айта өтейік, «Ислам мемлекеті» ұйымының Сирия мен Ирак аумағындағы ондаған мұнай кен орындарын өз бақылауында ұстап отырғаны да белгілі болды.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




