Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ осы күзге жоспарланған Ресей президенті Владимир Путинді шақыртуын кейінге қалдырды, сондықтан саясаткердің мемлекеттік сапары 2015 жылғы күзге немесе одан кейінгі мерзімге шегеріледі.
Басылым деректеріне сүйенсек, Вашингтон украиндық дағдарысқа орай Батыс пен Мәскеу арасындағы қатынастардың ушығуына байланысты Токиодан Путиннің сапарын кейінге ауыстыруды өтінген. Сонымен бірге Абэ мен Путин қарашада өтетін АТЭС саммитінің аясында келіссөздер жүргізуге ниетті. Жапония таяу уақытта ЕО мен АҚШ-тың ізімен Ресейге қарсы жаңа санкция енгізуі мүмкін. Абэ 2013 жылғы сәуірде Путинге Жапонияға келуін ұсынған. Тоғыз айдан кейін ресейлік СІМ басшысы Сергей Лавров шақыртудың қабылданғанын растады.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




