Ауыл тұрғындары Наурыз көжеден ауыз тиді
Облыстық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер Берік Тлебаев әз-Наурыз мерекесіне орай Қызылжұлдыз ауылының тұрғындарына Наурыз көже таратты.
Елдімекенде орналасқан Бейшен ата мешітінде жайылған ақ дастарханға қариялар да, жастар да жиналып, қастерлі дәмнен ауыз тиді. Шара барысында үлкендер бата беріп, еліміздің көркейе беруіне, тұрғындардың ынтымағының нығая түсуіне тілектестік танытты.
«Ұлыстың ұлы күні халқымыз үшін ұлық мейрам екенін бала кезімізден санамызға құйып өстік. Байырдан келе жатқан баба дәстүрін жалғау ниетімен ағайынның басын қосып, ұлттық тағамымызды ұсынуды жөн көрдік. Осы игі бастама жалғасын тауып жатса, елдің құты емес пе? Көпшілік көріскен сайын бірлігі артып, бауырмалдық кеңейеді. Біздің де мақсат осы», - дейді Берік Қанатұлы.
«Ақ жол» - ақпарат

«Ақ жол» - ақпаратҰқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді