Жаңалықтар
Кітапхана ұжымы Тағзым күнін балалар үйінде атап өтті
- author «Ақ жол»
- 16 наурыз, 2021
- 626
Кітапхана ұжымы Тағзым күнін балалар үйінде атап өтті
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасының Тағзым күніне сәйкес «Наурыз нұры» мейірім кешін «Сарымолдаев балалар үйінде» атап өтті.
Карантин талаптарын сақтап, балалардың қауіпсіздігін ойлап, ішке кірместен, мекеме қызметкері аға сарапшы Жеңіскүл Есеналиеваға балаларға әкелген базарлықты ұсынды.
Шараны ұйымдастыру арқылы қайырымдылық- ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі екенін, жастарға қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылдырып, балалардың қуанышын, ризашылығын көру шынында керемет сезімге бөлейтінін байқадық.
Аға сарапшы Жеңіскүл Есеналиеваға: «Балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны, оларға сыйланған қуаныштың бақытқа апаратынын, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі – жас ұрпақ екенін» - айтып өтті.
Сонымен бірге, арнайы кітапхананың бөлім меңгерушісі Г.Сейітбаева отбасы атынан балаларға тәтті салынған себетті сыйға тартып, қайырымдылыққа үн қосты.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




