Тіпті бүгін І Алматы вокзалынан Қызылорда-Семей пойызы тоқтамай өтіп кетіпті...

Тіпті бүгін І Алматы вокзалынан Қызылорда-Семей пойызы тоқтамай өтіп кетіпті...
ашық дереккөз
Тіпті бүгін І Алматы вокзалынан Қызылорда-Семей пойызы тоқтамай өтіп кетіпті...
2019 жылдың желтоқсан айында Қытайда тіркелген COVID-19 инфекциясының өршуі  3-4 айдың ішінде пандемия деңгейіне жетті. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда коронавирустық инфекцияны пандемия деп жариялаған болатын. 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағында төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бастапқыда төтенше жағдай режимі 16 наурыз сағат 8.00-ден бастап 15 сәуір сағат 7.00-ге дейін созылады деген шешім қабылданды. 19 наурызда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізіліп, бұл қалаларға кіру мен шығу шектелді. Үлкен сауда орындары жабылып, тек азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға өз жұмысын жалғастыруға рұқсат берілді. 22 наурыздан бастап аталған қалалардан шығатын жолдар толығымен жабылды, әуе және теміржол қозғалысы тоқтатылды. Барлық облыс өңіраларық, халықаралық жолға блок-бекеттер қойып, қозғалысты шектеді. Осы жағдай көпшілікті әрі сәрі күйге түсірген еді.  Көптің көңіл-күй ауанын сол шақта жерлесіміз, белгілі журналист Қыдыралы Қойтай: «Біздің жағдайымыз жақсы. Тек бүгіннен бастап қаладан шыға алмайтынымыз болмаса, шыққанның өзінде қайта кіре алмайтынымыз болмаса, кіргеннің өзінде 14 күн карантинде жататындығымыз болмаса. Мегаполис атанған қала бүгін тып-тыныш. Базарлар мен өндірістік дүкендер жабылған. Көшелер бос. Бетперде киген бірлі-жарымды кездестіріп қалмасақ, Алматының бұрынғы ырду-дырду өмірі бір сәтте басылған. Бұрындары көшенің арғы бетіне зулаған көліктен өте алмай, бағдаршамды жағалаушы едік. Қазір кез келген жерден кесіп өте беретін болдық, машина аз. Тіпті бүгін І Алматы вокзалынан Қызылорда-Семей пойызы тоқтамай өтіп кетіпті. Біздегі жағдай осы. Қаланың ызы-қию өмірі де, көз үйренген кептеліс те жоқ...» - деп сипаттаған өз жазбасында.

Ұқсас жаңалықтар