Жедел жәрдем көліктері жаңартылды
Басына түспегеннен кейін көршілік біле бермейтін де болар. Ал медицинада жедел жәрдемнің жәрдемі айтарлықтай. Шұғыл жағдайда дәрігерлер айтатын «алтын сағатты» жіберіп алмаса, талай адамның өмірін сақтап қалуға болатыны белгілі. Сондықтан барлығы көп жағдайда осы көмекті көрсететін көліктің дәл уақытында жетуіне және оның тиісті құрылғылармен жабдықталуына байланысты. Қазір өңірімізде бұл мәселе біршама шешімін тапты деуге де болады.
Жалпы облыста жедел жәрдем көліктерінің тозығы жетіп, ауыстыру керек екені көптен айтылып жүрген еді. Былтыр мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында бұл мәселе шешімін тауып, тозығы жеткен барлық медициналық жедел жәрдем көліктері өткен жылдың желтоқсан айында жаңартылған болатын.
Жаңа 91 жедел жәрдем көлігінде барлық жағдай жасалған, тіпті GPS-навигациясымен жабдықталып, «Айс-Көмек» жүйесіне қосылған. Бұл – ел игілігі үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан үлкен қолдаулардың бірі ғана.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді