Жаңалықтар
Анастасия Городко әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды
- author «Ақ жол»
- 10 наурыз, 2021
- 582
Анастасия Городко әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды
Алматыда өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионаты барысында параллельді могулдан әйелдер арасындағы доданың жеңімпаздары анықталды.
Бұл сында Қазақстан қоржыны қола жүлдемен толықты. 15 жастағы қазақстандық Анастасия Городко әлемдік сында алғаш рет үздік үштікке енді. Кіші финалда Городко канадалық Софья Гэгнонмен жарысып, қарсыласынан оқ бойы озық болды. Алтын жүлдені ресейлік Анастасия Смирнова, күмісті оның отандасы Анастасия Лазаренко иеленген. Осылайша, Анастасия Городко фристайл-могулдан Қазақстан командасының үшінші медалін жеңіп алды. Кеше Юлия Галышева күміс, Павел Колмаков қола медаль иеленген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




