300-ге жуық азаматтың ПТР тест анықтамасы болмаған
9 наурыз күні Қазақстанға БАӘ, Мысыр, Мальдив Республикасы, Түркия, Оңтүстік Корея, Испания, Германия, Украина, Ресей Федерациясы, Грузия, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі арқылы елімізге 3 279 жолаушы ұшып келді. Оның 3 005-інде теріс нәтиже көрсетілген ПТР анықтамасы бар. Ал 274 азаматта осындай анықтама болмаған. Енді үкімет осы азаматтардың тест тапсыруы үшін 1 миллион 918 мың теңге төлейді.
3 наурыздан бастап мемлекеттік зертханалар бір ПТР-тест үшін жеті мың теңге жұмсайды. Бұл соманың ішінде қонақ үй мен тамақтану шығындары қарастырылмаған. Алайда үкімет ПТР-тестсіз елге келген азаматтарды екі күн күту бойынша міндеттерді өз мойнына алған болатын.
8 наурызда 101 азамат Қазақстанға анықтамасыз келген. Осы жолаушылардың ішінде бір қазақстандықтан коронавирус анықталды. Ол Минсктен Нұр-Сұлтанға ұшып келген.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді