Жаңалықтар
Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарына шетелден көрермен кіргізілмейді
- author «Ақ жол»
- 10 наурыз, 2021
- 635
Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарына шетелден көрермен кіргізілмейді
Жапония билігі Токио қаласындағы жазғы Олимпиада ойындарын шетелдік көрермендерсіз өткізу туралы шешімін қабылдады.
Жапонияның Kyodo News ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Токиода 2021 жылдың жазында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына шет мемлекеттерден көрермен кіргізілмейді. Жапония билігі бұл шешімді коронавирустың таралу қаупіне байланысты қабылдап отыр. «Үкімет жапон қоғамының алаңдаушылығы мен көптеген елдерде індеттің бұдан да жұқпалы нұсқаларының анықталу фактісін есепке ала отырып, шетелден жанкүйерлерді қабылдау мүмкін емес деп шешті», - деп жазады агенттік. Еске сала кетсек, Токиода жазғы Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында, ал Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




