Биыл 1-сыныпқа құжат қабылдау сәуір айында басталады
1-сыныпқа баратын балалардың құжатын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасатын болады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.
«Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім. Ата-аналар мектепті алдын ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтар құрамын анықтап, сағат санын бөледі.
Ал өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.
Қажетті құжаттар тізімі:
ата-ананың (немесе оларды алмастыратын тұлғалардың) өтініші;
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
«бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
3х4 көлеміндегі 2 фото.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Былтыр құжат тапсыру 1 маусымда басталған болатынын айта кеткен жөн.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




