«Спутник V» вакцинасының екінші компонентін салдырды
Бүгін «Almaz Medical group» емханасында облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін салдырды.
Елімізде жаппай вакцинация басталған 1 ақпан күні өңірімізде алғашқылардың бірі болып, олар екпе қабылдаған болатын.
«Спутник V» вакцинасы 2 сатылы. Арасындағы интервал 21 күн болуы тиіс.
Вакцина қабылдағаннан кейін ешбір кері әсерлері байқалмағанын және өздерін жақсы сезінетіндерін айтты.
«Спутник V» вакцинасының бірінші партиясы Жамбыл олысына 1000 доза көлемінде жеткізілді және барлық емдеу мекемелеріне таратылды.
Вакцинаны кәмелетке толған азаматтар ғана алады. КВИ-ға қарсы вакцинация 2021 жылдың соңына дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді