«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ғалымның жаңалығы өндірісте оң бағасын алды

Ғалымның жаңалығы өндірісте оң бағасын алды
ашық дереккөз
Ғалымның жаңалығы өндірісте оң бағасын алды
  Тараз өңірлік университетінің жас ғалымы, докторант – Дәулет Егембердиев өзі ойлап тапқан жаңалықты әлемдік деңгейде танытуды көздейді. Жас ғалым топырағы тозған егістік алқаптары мен соры шыққан жерлерді (тұзды) қалпына келтіретін тыңайтқыш ойлап тапқан болатын. Ауылшаруашығы өнімін арттыруға да септігін тигізеді. Дәулет Егембердиевтің бұл жобасы NURINTECH инновациялық жобалар жарысынан, өзге де ғылыми байқаулардан үздік деп танылып, Финляндияда 1-орынды жеңіп алды. – Бүгінгі таңда ауылшаруашылығында қолданылатын түрлі тыңайтқыштар мен химиялык өсiмдiк қорғау препараттары мейлі ол минералды селитра, аммофос болсын дұрыс пайдаланбау экосистемаға кері әсер етеді, жер асты суының минерализациялануына  өнімнің сапасына, ең бастысы адам денсаулығына зиян тигізеді. Ал Biomeliorant  Гумат Z 7 жане Z Lux  табиғи таза болғандықтан, қоршаған ортаға, адам денсаулығына тек пайдасын тигiзедi. Жарамсыз жерді құнарландырады. Бұл ауылшаруашылығы үшін өте маңызды,- дейді ғалым. Аталмыш тыңайтқышты сұйық және құрғақ күйінде қолдануға болады. Ауылшаруашылығына тың серпіліс әкелетін бұл жаңалықты Талас және Сарыағаш аудандарында тұзды жерлерде сынап көрген және Ресей шаруаларымен кең көлемде қолданылды. Нәтижесі мамандарды таңқалдырып отыр. Өніммен қоса жердің құнарлығы да артқан. Ғалымның ойлап тапқан тыңайтқышы осы күнге дейін Польша мен Ресейге жөнелтіліп, оң бағасын алды. Өнімдi көптеп шығарып, ауылшаруашылығына тегістей енгізу үшін ғалым бизнес әлеміне аяқ басты.  – Негізгі бағытым, әрине – ғылым мен технология. Ал бизнеске осы жобамды коммерциализациялау үшін барып отырмын. Өнімдi Biomeliorant Гумат Z 7, Гумат Z LUX, AntiSor маркаларымен агромагазиндерден алуға болады. Осы тұста ғылымда қанатымды кеңге жаюға көмектескен ұстаздарымның еңбегін айтқым келеді. Профессор Әдеубай Садақбайұлы  Сейтказиевке, Жұмахан Сүлейменұлы Мұстафаев, Ниетбай Хожанов, Қамбар Исрайылұлы, Естаев Куат Әбенұлы және ғылымда жол нұсқаған басқа да ұстаздарыма айтар алғысым шексіз,- деген Дәулет Егембердиев алдағы уақытта басқа да ғылыми жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырғанын  айтады.

 Гүлбақыт Берікқызы,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік

 университетінің баспасөз хатшысы.

Ұқсас жаңалықтар