Гвинеяда Эбола эпидемиясы тарала бастады
Гвинеяның оңтүстік-шығысындағы Нзерекоре префектурасы мен Гуеке ауданында Эбола эпидемиясы басталды.
Безгектің таралуымен күресу үшін бірқатар іс-шара қабылданғаны туралы елдің Денсаулық сақтау министрі төрағалық еткен отырыста айтылды. Онда сырқаттарды анықтап, олармен байланыста болғандардың барлығын оқшаулау керектігі айтылды. Гвинеяның санитария өкілдері Эбола безгегі алғаш Гуеке қаласында медбикеден анықталғанын мәлімдеді, ол 28 қаңтар күні қайтыс болған. «Қоштасу рәсімінен кейін бірнеше күн өткен соң бірнеше адамда сырқаттанушылық белгілері байқалған, яғни, іш өту, құсу, қан кету және ыстығы көтерілу. Вирустың бар-жоғын анықтауға тапсырылған тест нәтижесі алғаш 12 ақпанда расталды», - деді Сакоба Кейт. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Гвинеяға көмек көрсету үшін бар күш жұмылдыратынын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетсек, 2014-2016 жылдары Гвинея Батыс Африкадағы Эбола вирусының таралу ошағына айналып, 28 мың адам індетке шалдығып, 11 мыңы қайтыс болған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




