Таразда арықтан адамның мәйіті табылды
Тараз қаласында арықтан белгісіз адамның мәйіті табылды. Қазір аталған дерекке байланысты Тараз қаласының Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Табылған мәйітке сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде, - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2021 жылғы 9 ақпанда сағат 11:50 шамасында Тараз қаласы Полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірінен облыс орталығындағы Қарасу (5) және Жансая (11) мөлтек аудандарында орналасқан арықтың жағалауынан қайтыс болған адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобының қызметкерлері арық ішін қарап, мәйіттің қалдықтарын анықталды. Полиция қызметкерлеріне хабарлаған «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің қызметкері.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді