Ізін суытпақ болған азамат құрықталды
Таразда ерекше режимдегі ЖД-158/7 мекемесінің ішкі күзет аумағына ұялы байланыс құралын лақтырған 40 жастағы алматылық азамат құрықталды. А.Асқаров көшесінің бойындағы түрме қоршауынан белгісіз затты лақтырып, артынша қара түсті «Фольксваген Пассат» автокөлігімен ізін суытуға әрекеттенген.
Алайда, ЖД-158/7 мекемесінің қызметкерлері облыстық полиция департаментіндегі әріптестерімен бірлесіп, бейнебақылау камералары арқылы Тараз қаласынан шығысқа қарай 150 шақырым жерде күдіктіні қолға түсірді. Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылының маңында құрықталған заң бұзушы азамат абақтының қоршауынан 15 дана «Нокиа» маркалы ұялы байланыс құралын және USB сымдарын лақтырғанын толықтай мойындады.
Енді тыйым салынған затты түзеу мекемесіне кіргізбек болуға әрекеттенген азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 481 бабының 1 тармағы бойынша әкімшілік жазаға тартылмақ.
Жамбыл облысы бойынша
ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




