Құқық
Қазақстанда қайыр сұрап, азаматтардың мазасын алған адамдар жауапкершілікке тартылады
- author «Ақ жол»
- 24 қыркүйек, 2014
- 610
Қазақстанда қайыр сұрап, азаматтардың мазасын алған адамдар жауапкершілікке тартылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанда қайыр сұрап, азаматтардың мазасын алған адамдарды жауапкершілікке тарта бастайды. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлімдеді. «Құқықбұзушылыққа қатысты жауапкершілікті арттыру бойынша нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде, 1 қаңтардан бастап, күшіне енетін жаңадан қабылданған Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде қоғамдық тәртіп пен адамгершілік құндылықтарды бұзушылыққа қолданылатын жазалар күшейтілген», - деді И.Лепеха.
Оның айтуынша, Кодексте ұсақ бұзақылыққа қолданылатын жазалар күшейтілген. «Егер бүгінгі таңда ұсақ қылмыстар үшін айыппұл 3-10 АЕК арасында болса, жаңа құжатта тек қана 10 АЕК айыппұл салынатын болады. Тіпті, кей жағдайда әкімшілік арест те қарастырылған», - деді ол. Сондай-ақ жаңа кодексте тыныштық бұзу, белгіленбеген жерде ішімдік ішу және темекі шегу сияқты құқықбұзушылықтардың жазасы да едәуір күшейтілген.
«Бұдан бөлек, қайыр тілеу мен азаматтардың мазасын алу сынды қылықтар үшін де жауапкершілікке тартуды қарастыратын арнайы бап пайда болды», - деп атап өтті И.Лепеха.
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанда қайыр сұрап, азаматтардың мазасын алған адамдарды жауапкершілікке тарта бастайды. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлімдеді.«Құқықбұзушылыққа қатысты жауапкершілікті арттыру бойынша нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде, 1 қаңтардан бастап, күшіне енетін жаңадан қабылданған Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде қоғамдық тәртіп пен адамгершілік құндылықтарды бұзушылыққа қолданылатын жазалар күшейтілген», - деді И.Лепеха.
Оның айтуынша, Кодексте ұсақ бұзақылыққа қолданылатын жазалар күшейтілген. «Егер бүгінгі таңда ұсақ қылмыстар үшін айыппұл 3-10 АЕК арасында болса, жаңа құжатта тек қана 10 АЕК айыппұл салынатын болады. Тіпті, кей жағдайда әкімшілік арест те қарастырылған», - деді ол. Сондай-ақ жаңа кодексте тыныштық бұзу, белгіленбеген жерде ішімдік ішу және темекі шегу сияқты құқықбұзушылықтардың жазасы да едәуір күшейтілген.
«Бұдан бөлек, қайыр тілеу мен азаматтардың мазасын алу сынды қылықтар үшін де жауапкершілікке тартуды қарастыратын арнайы бап пайда болды», - деп атап өтті И.Лепеха.
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




