Жамбылда не жаңалық?
ҚАЖЕТТІ ДӘРІ ЖОҚ БОЛСА, БАЛАМАСЫН ҰСЫНУ КЕРЕК
- author «Ақ жол»
- 2 қараша, 2020
- 288
ҚАЖЕТТІ ДӘРІ ЖОҚ БОЛСА, БАЛАМАСЫН ҰСЫНУ КЕРЕК
Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қаланың бірқатар нысандарын аралады. Аралау барысында дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі, кәсіптік білім беру, абаттандыру және басқа да мәселелерге назар аударды. Аймақ басшысы алдымен дәріханалардың жұмысымен танысты. Әйтеке би көшесіндегі «Әмір & Д» дәріханасында кезекке тұрған тұтынушылардың қарасы қалың. Сатып алушылар нысанға бір-бірден кіріп, тауарларды терезе арқылы алуда. Соған сәйкес, кезекке тұрғандардың шоғыры таза ауада қалыптасқан. Бердібек Сапарбаев ең бірінші қандай дәрі-дәрмектердің жетіспейтіндігіне және ол мәселелердің қалай шешіліп отырғандығына назар аударды. «Әмір және Д» ЖШС директорының орынбасары Әмір Нұрсейітовтің айтуынша, дәріхана желісінің қоры қалыптасқанмен, ол тек бір айға жетеді екен
Қалыптасқан жағдайды зерделемек болып, облыс о рт а л ы ғ ы н д а ғ ы б і р а з дәріхананы біз де аралап к ө р д і к . Ұ з ы н - с о н а р кезектен өтіп, ішке кіре қалсаңыз да қолыңызға тиетіні аспериннің екі данасы ғана, тұмауға қарсы антибиотиктердің біреуі бар болса, екіншісі таусылып қалған. Көбірек сатып алуға рұқсат жоқ. Тапшылық туындамас үшін, әр адамға екеуден артық берілмейді. Әйтеке би – Ә.Әйтиев көшелерінің қиылысындағы және Жамбыл даңғылының бойындағы «Әмір және Д » д ә р і х а н а с ы н ы ң бөлімшелерінде шұбатылған кезек. Мұндайда күтіп тұруға дегбірі жетпегендер Абай көшесіндегі «Жасұланға», Қ.Сәтбаев көшесіндегі «Садыхан» және әлеуметтік дәріханаларына баратыны сөзсіз. Бірақ ол жақта да сол жағдай. Тараз қаласындағы ірі дәріханаларға телефон шалып та көрдім. Бәрінде тұмауға қарсы дәрілер тапшы. «Әмір және Д», «Садыхан» дәріханалар желісінде парацетамол жоқ, сатылымға қашан түсетіні белгісіз. Ал асперин біреуінде 40 теңгеден, екіншісінде 10 теңгеге қымбат сатылуда. Кеше ауылдағы туыстарымыз хабарласып, аудан орталығы Құланның өзінде тұмауға қарсы ішетін антибиотиктер, дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмек оңайлықпен т а б ы л м а й ж а т қ а н ы н жеткізді. «Парацетамол, эргаферон іздеп таппадық. Тараздан алып, салып жібересің бе» деп жатқан таныстар да бар. Облыс орталығындағы, жақын жатқан Т.Рысқұлов а у д а н ы н д а ғ ы а х у а л о с ы л а й б о л ғ а н с о ң , шалғайдағылардың жағдайы қандай екенін білмек болып, Шу ауданындағы меншікті тілшіміз Ерғали Қартайғанға телефон шалдық. Жедел ауд а н о рт а л ы ғ ы н д а ғ ы дәріханаларды аралап, мәнжайды саралап шыққан әріпте сіміз былай деп хабарлады: «40 мыңға жуық тұрғыны бар Шу қаласындағы «7Я Januia» дәріханасында азитромицин мен парацетамол жоқ. Қашан болатынын қызметкерлердің өздері де білмейді. «Бұл апта да анық келмейді» деді. «Хорошаяда» да бәрі жақсы болмай тұр. Мұнда да тұмауға қарсы дәрі-дәрмек табылмады. Аудан орт алығындағы дәріханаларға да телефон шалдым, онда да осындай жағдай қалыптасқан». Ал Меркі ауданындағы м е н ш і к т і т і л ш і м і з орталықтағы дәріханаларда парацетамол жоқ, сатылымға қашан түсетіні белгісіз, ал оның баламасы ибуфен, панадол бар дейді. «Наурыз» дәріханалар желісінен, «Қуанышт ан» тұмауға қарсы антибиотиктерді де бұрынғы бағасына табуға болады екен. Бірақ бұл алдыңғы лекпен келген дәрілерге ғана қатысты. Келесісі қымбаттайтыны анық. Аpteka.103.kz интернет сайтына жазып, қай өңірде қандай дәрі тапшы екенін де іздеп көрдік. Мегаполис қала Алматының өзінде парацетамол да, баламасы панадол да сатылымда жоқ. Алматы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қ ау і п с і зд і г і н б а қ ы л ау департаменті «Қаладағы дәріхана мен қоймаларда 24 370 қорап парацетамолдың 0,5 №10 түрі бар, сондай-ақ «Инкар» және «Медсервис плюс» компанияларына 450 000 қорап дәрі әкелінді. О л а р қ а з і р к е д е н д і к рәсімдеуде тұр. Одан бөлек, панадол, эффералган, фервекс, колдрекс, күн/түн, және басқа да құрамында парацетамол бар дәрілер жеткілікті. Ацикловир дәрілік затының вирусқа қ а р с ы ұ қ с а с т ү р л е р і и н го в е р и н , т а м и фл ю , кагоцел жеткілікті. 68 480 қорап инговерин – 90 дәрісі сертификаттан өтіп жатыр. Шілдеде сатылымға түседі» деп хабарлаған. Дәріханаларда осындай ж а ғ д а й қ а л ы п т а с қ а н . Облыстық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздік с а п а с ы н б а қ ы л а у департаменті басшысының о р ы н б а с а р ы М а д и н а Шыналиева өткен аптаның с о ң ы н а н б а с т ап қ а л а тұрғындары вирусқа қарсы, азитромицин қатарындағы а н т и б и о т и к т е р м е н парацетамолды жаппай сатып ала бастағанын айтады. «Дәріханалар кез келген уақытта кейбір дәрі-дәрмектер болмаған ж а ғ д а й д а о л а р д ы ң баламасын ұсына алады. Мысалы, парацетамол жоқ кезде – панадол, эффералган, ибуфен, ибупрофен, миг, новиганкотор бар. Біз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, оның ішінде жеке қорғану құралдары қ о р ы н ы ң а з а й м ау ы н бақылауда ұстаймыз. Дәрідәрмектерді сатып алуды уақтылы және жеткілікті көлемде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеміз. Бірақ дәрі-дәрмектерді дәрігердің рецепті бойынша және тек емдеу курсына қажет кезде берілуі тиіс. Қажетті дәрі-дәрмектер болмаған жағдайда қолда бар дәрід ә р м е к т е р б а л а м а с ы беріледі», – деп түсіндірді мән-жайды. Маман аурудың алдын а л у ү ш і н ә л еу м е т т і к желілерде жазылып жатқан көптеген вирусқа қарсы немесе антибактериалды препараттардың пайдалы екеніне сене бермеу керек екенін ескертті. Қалай десек те өзіңді өзің емдеуге жол жоқ. Себебі кез келген дәрілік препараттың жанама әсері мен қарсы әсері бар. Сол үшін емдеу шаралары міндетті түрде емдеуші дәрігермен келісілуі керек. Бұл жерде тағы бір мәселе туындайды. Көпшіліктің к ө к е й і н д е д е о с ы – «Дәрігердің қабылдауына қалай барамыз?» деген с ұ р а қ т ұ р . Ау ы р ы п , төсектен бас көтере алмай жатқандар, емханаға қалай барады? Шақырған жедел жәрдемнің өзі алғашқы көмек көрсетуден басқа амалы жоқ. Ауруханалар науқастарды стационарлы емдеуге қабылдамайды. Сырқаттардың өзінө з і е м д еу ге т ы р ы с ы п жатқандары да осыдан.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді