Ресей Қазақстан аумағынан алкоголь өнімдерін тасымалдауға шектеу енгізуге әрекет жасауда
- author «Ақ жол»
- 21 қыркүйек, 2014
- 207
Ресейде жеке қажеттілік үшін Қазастан мен Беларусь елінен алкоголь өнімдеріне тасымалдауға шектеу енгізу туралы ұсыныс қаралуда,-деп хабарлайды РИА Новости.
Ресейдің қаржы министрі Антон Силуанов хабарлап отырғандай, болашақта бес литр көлемінде алкоголь өнімін баж салығынсыз тасымалдауға тыйым енгізілмек. Силуанов "бұған Қазақстандағы акциздік салықтың төмендігі бірден-бір себеп" деп отыр. Ресейде арақ-шарапқа акциздік төлем литріне 400 рубль болса, Қазақстанда салық құны екі есеге төмен. Сондай-ақ Ресейде өнім жасайтын шикізаттың да құны жоғары. Осыған байланысты қазақстандық арақ-шараптың құны Ресеймен салыстырғанда бірнеше есе арзан.
Ресей кәсіпорындарының мәліметінше, Қазақстанда акциздік төлем құны арзан болғаннан кейін Ресейде Қазақстан арқылы заңсыз өнім тасымалдау көрсеткіші 50 пайызға жеткен. Ал Ресейдің қажы министрінің орынбасары Сергей Шаталов Қазақстанның қазір акциздік салықты өсіруді жоспарлап отырғанын айта келе, бұл үрдіс 2020 жылы ғана тәмамдалатындықтан, Қазақстаннан келетін арақ-шарапты шектеуді дұрыс санап отыр.
Еске салайық, Қазақстан Кедендік Одақ аясына енбейтін елдерден келетін алкогол өнімдеріне шектеу енгізу мерзімін биылғы жылдың қазан айына дейін ұзартқан болатын. Ал Ресейге тасымалданатын алкоголь өнімдерінің шектеуін қатысты "ҚазАлко" қауымдастығының президенті, Әміржан Қалиев "Ресейге импортталатын барлық арақ-шарап өніміне тыйым салынбайды. Тек өнім қаттамасын қазақ және орыс тілдерінде бірдей толтырмаған өнім өндірушілерге қатысты шектеу енгізіледі" деп түсіндірді.
Ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді