"БТА Банкі" қаржысын ұрлады деп айыпталған Қазақстанға экстрадицияланды
- author «Ақ жол»
- 21 қыркүйек, 2014
- 701
"БТА Банкі" АҚ қаржысын ұрлады деп айыпталған Ерлан Қосаев Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қыркүйектің 21-і күні Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша құқық қорғау орган қызметкерлері Қосаевты Ресейден Қазақстанға жеткізіп, Астананың уақытша қамау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сұрауы бойынша Ресей Федерация Бас прокуратурасы өзгенің мүлкін иеленгенді және өзіне тиесілі емес қаржыны заңдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 176 б.3 т. "а", "б2, 193 б.3 т. "б", "в" қылмыстық жауапкершілікке тартылған Ерлан Қосаевты беру ісін қанағаттандырды.
Құқық қорғау органдары Қосаевтың 2005-ші жылдан 2008 жылдар аралығында ұйымдасқын топтың құрамында кіріп, "БТА Банкі" АҚ ірі көлемде қаржысын ұрлап, кейін сол қаржыны заңдастырып алғанын анықтаған. Кейін оған халықаралық іздеу жариялаған.
Айыпталушы ресей құқық қорғау органының қызметкерлері Брянскіге қолға түсірген.
Ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




