Мойынқұм
Мойынқұм ауылында «ЖасОтау» иелерінің сайысы қызықты өтті. Аталмыш іс-шараға ауылдың мақтаулы жас отау иелері қатысты. Қатысушылар таныстыру, қазақтың ұлттық салт-дәстүр мәдениетін сақтау, қолөнерде шеберлік және ән, би өнерін көрсету, барды мол ету, ұлттық және күнделікті киім үлгілерін көрсету және тағам дайындау өнерлерімен, ізеттікке тән сұрақтарға жауап беру номинациялары бойынша сайысқа түсті. Қазылар алқасының шешімімен 1-орынды Қалдыбаевтар отбасы жеңіп алса, 2-орынды Тәжіғұловтар отбасы, 3-орынды Дауыталиевтер отбасы иеленді. Жүлдегерлерге сыйлықтар табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




