- Advertisement -

Әрдайым халыққа есігі ашық

146

- Advertisement -

Ерқанат Манжуовты қолдауыма бес себеп

БІРІНШІ СЕБЕП: Мен Ер ағаны көп жылдан бері білемін, білемін деген сөз «алдына бардым, бірдеме сұрадым, тәуелді болдым немесе күнім түскен еді» деген сөз емес, тек бір бірімізге деген ағалы-інілі сыйластық, көрген жерімізде сәлеміміз түзу. Ешқашан алдына барып ешнәрсе сұраған емеспін.
ФБ желісінде кейде пікіріміз сәйкес келеді, кейде келмейді, ол заңдылық, дегенімен сыйластығымызға сыза түскен емес.
Білемін дегенім, басқарма басшысы, облыс әкімінің орынбасары, «NurOtan» партиясы облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған кездерде, әрдайым халыққа есігі ашық және қоғаммен байланысы үзілген емес. Өкінішке орай, қазіргі уақытта басшыларда сирек кездесетін қасиет.
ЕКІНШІ СЕБЕП: Ер аға, өз ойын әрдайым ашық айтатын азамат, оның дәлелін бұқара халық өткен жағдайлардан білесіздер, мәселе тек қана ФБ желісіндегі белсенділігінде ғана емес, кезінде кейбіреулердің қоғаммен ақылдаспай, халықтың пікірімен санаспай шешім қабылдаған уақытта, өз мансабынан әділдік пен ар-намысты биік қойып, қоғам мүддесі үшін үн қатты, оған баршамыз куәміз. Басқалар ауыздарына құм құйып, үйреншікті үндеместікпен күн кешкен заманда, бұл да үлкен азаматтық.
Ер аға, ол жағдайда билікке қарсы шыққан жоқ, қайта билікке халықтың кейбір азаматтарға жеткізе алмай жүрген әттеген-айын жеткізуге тырысты, мұны халықпен билік арасындағы түсініспеушілікті тудырмауға бағытталған әрекет деп қабылдау керек, яғни мақсаты халықпен билік арасында дұрыс диалог орнату.
ҮШІНШІ СЕБЕП: Маған Ер ағаның, депутат болған жағдайда, іске асыруға барынша күш жігерін салатын бағдарламасы, бағдарлама облыс мәслихаты депутатының мүмкіндігі шеңберінде құрылған, өңірдің саяси экономикалық жағдайынан жоғары деңгейде хабары бар адам ретінде ұсынылып отыр, кейбіреулер секілді арзан пиар, болмашы уәдеден құрылған «ертегі» емес, қол жеткізуге болатын мақсат.
ТӨРТІНШІ СЕБЕП: Ерқанат Манжуовты ел сыйлайды және ол сыйластық күннен-күнге артып жатпаса кеміген жоқ, демек халық Ер ағаның қызметі мен лауазымы үшін емес азаматтығы үшін, мәдениеттілігі үшін, ең бастысы адамгершілік қасиеті үшін сыйлайды деген сөз.
БЕСІНШІ СЕБЕП: Ер аға, әділ сынды көтеретін азамат, қателікті мойындауға батылы жететін азамат, сондықтан егер Ерқанат Манжуов ертең облыстық мәслихатқа депутат болып жатса, депутат болып алып, кейбіреулер секілді берген уәдесінен,өз принциптерінен тайып кетсе, өз басым ел алдында оны бетіне басып айтуға мүмкіндігім жетеді және де Ерекеңнің егер қоғам мүддесі үшін қойған мақсатына жетуге депутаттық мандаты мүмкіндік бермесе, кейбіреулер секілді жылдар бойы сол мандатқа жабыспай, өз еркімен депутаттықтан бас тартуға батылы да, ақылы да жететініне еш күмәнім жоқ.
«Кісі дегеніңнің кілті аспанда» деуші еді марқұм әкем, сондықтан егер мен ойлағандай болмаса, мен ойлағандай болуы үшін менде аянбаспын, бірақ мен Ер ағаға сенемін!

Нұр-Мұхаммед Мәделіұлы (НурНиязи)

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support