Төлебилік Ерғали жездесі Серғалимен орынды да жарасымды қалжыңдасып жүретінін байқайтынмын. Бірде екеуінің жолы түйісіп, Меркі жаққа құдалыққа барып қалмай ма?!
Кең де бай дастарқанның басында Ерғали сапарлас серіктерін таныстыру үстінде жездесін «шырақшы» қызметінде деп атап жібереді. Отырыстың «ащы сусыз» сәні келіспейтіндігі бесенеден белгілі. Құрақ ұша қызмет етіп жүрген жігіт Серғалиды шынында «шырақшы» деп қалған болу керек, бір емес, екі-үш мәрте айналып өтіп, өзгелердің ыдыстарын құрғатпай толтырумен жүреді. Кенезесі кеуіп, әбден шыдамы таусылған Секең қызметші жігіт жанынан өте бергенде, оның жеңіне жармаса кетіп, қайнысы Ерғалиды ала көзімен атып, «Мені шынында «шырақшы» деп қалдыңдар ма, ауылымдағы жар дегенде жалғыз электрикпін, андағыңнан маған да құй» – деп ыдысын тосқан екен...
Мәкен УАҚТЕГІ. Шу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




