Фируза Шарипова бокстан әлем чемпионы атанды
Фируза Шарипова (11-1, 5 КО) IBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атанды. Жекпе-жек Қазан қаласында өтті. Шарипованың қарсыласы - Танзаниядан келген Хеппи Дауди (8-6-1, 4 КО). Титулдық жекпе-жек әр раунды екі минуттан тұратын 10 раундқа белгіленгені белгілі. Кездесудің 5-раундында қазақстандық спортшының қарсыласы өзінің жеңілісін мойындады.
Шарипованың бірнеше жойқын соққысын жіберіп алған Хеппи жекпе-жекті ары қарай жалғастырудан бас тартты.
Осылайша Шарипова өзінің кәсіби мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді және IBА тұжырымдамасы бойынша өз дивизионында әлем чемпионы атанды. Хеппи Дауди жетінші рет жеңіліске ұшырады.Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




