«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Кәсіпкер кедергіге кез болмасын

Кәсіпкер кедергіге  кез болмасын
ашық дереккөз
Кәсіпкер кедергіге кез болмасын

Бүгінде елімізде кәсіпкерлікті дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналып отыр. Бұл өзекті мәселеге Елбасының өзі үлкен мән беріп, үнемі бақылауында ұстауда. Мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көптеген қолдау мен көмек көрсетілуде. «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» мақсатында бес мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылуда. Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және бизнестің билікпен арадағы іс-қимылдарының жаңа моделін құруға бағытталған «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң қабылданды. Бұдан басқа да ел аумағында кәсіпкерлікті одан әрі дамыту бағытында көптеген шаралар қабылданып жатқаны белгілі. Дегенмен, кәсіпкер қауымның алдынан көлденең шыға келетін сан түрлі кедергілердің де шаш-етектен екендігі жасырын емес. Міне, осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында облыс басшысының тапсырмасымен құрылған арнайы жұмыс тобы аудандарда кәсіпкерлер қауымымен кездесіп, олардың мәселелеріне құлақ асумен қатар, кездесу қатысушыларына қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың негізгі мақсаты, оларға қатысу ережелері, тәртібі туралы түсінік беру, насихат­тау жұмыстарын жүргізуде. Облыс әкімінің орынбасары Қалижан Әбдірайымов бастаған жұмыс тобы Байзақ ауданында болып, кәсіпкерлермен кездесті. Топ құрамында мемлекеттік органдар, облыс аумағындағы 2-ші деңгейлі банктер мен қаржы институттарының, кәсіпкерлер палатасының облыстық және аудандық филиалдары өкілдері бар. Байзақ ауданының әкімі М. Шүкеев аудан аумағында бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар, «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы, егін және мал шаруашылығы салаларын субсидиялаудың орындалуы, жұмыспен қамту, несиелендіру мәселелері жайында хабарлама жасады. Қалижан Серікұлы түсініктеме бергеннен кейін, мінбеге көтерілген «АгроНесие корпорациясы» АҚ Жамбыл өкілдігінің бөлім басшысы Алмас Омаров, облысымыз бойынша «Цесна Банк», «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамдарының директорлары Ғалымжан Доланбеков, Қарлығаш Аралбекова, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Кемелхан Әбілеков күн тәртібіндегі басты мәселе – кәсіпкер азаматтарды белгілі мемлекеттік бағдарламалар бойынша несиелендірудің (қаржыландырудың), ауыл шаруашылығы өнімдерін субсидиялаудың тәртіптері, оның ішінде екіжақты қарым-қатынас, тараптардың құқықтары мен міндеттері, шарттары, пайыздық мөлшер, банктердің рөлі, ұстанып отырған саясаты, банк қызметкерлеріне жүктелген жауапкершілік, тағысын-тағыларды әңгімеге арқау етті. Кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтардың басым бөлігі бизнес жобаларын қаржыландыру, жеңілдетілген несиеге қол жеткізу мәселелері төңірегінде өрбіді. Оларға тұшымды жауаптар берілді.

Сапар Қалмұратов, журналист.

Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар