«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қуандық Қасымов – ең үздік режиссер

Қуандық Қасымов –  	ең үздік режиссер
ашық дереккөз
Қуандық Қасымов – ең үздік режиссер

Қызылордада өткен КСРО Халық әртісі Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған Қазақстан театрларының ХХІІ республикалық фестивалі өз мәресіне жетті. Театр өнерін насихаттап, дәстүрлі театр өнерін сақтап, оны дамыту, дарынды әртістер мен режиссерлерді ынталандыру, сондай-ақ, қазақ сахна өнерінің шебері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті театр және кино актрисасы Сәбира Майқанованы есте қалдыру мақсатында ұйымдастырылған өнер додасына облыстық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі, режиссер Қуандық Қасымовтың режиссерлігіндегі еліміздің үш облысында қойылған спектакльдер қатысыпты. Оның бірі Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театры сахналаған Софоклдің атақты «Эдип патша» пьесасы болса, Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры сахналаған Ғ.Мүсіреповтің «Поэма о любви» трагедиясы және Алматы облыстық Бикен Римова атындағы қазақ драма театрындағы драматург Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланы» драмасы. Осы үш шығарманы көрсеткеннен кейін КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов, профессор, театр сыншысы Әшірбек Сығай, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының ғылым докторы Бақыт Нұрпейіс, белгілі жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев және Қазақстанның халық әртісі, режиссер Есмұхан Обаев бастаған қазылар алқасының шешімімен «Үздік режиссерлік шешім» аталымына режиссер Қуандық Қасымов ие болды. «Сыр халқы еліміздің әр облысынан келген тоғыз театрдың өнерін тамашалады. Театрлар шетелдік және отандық, классикалық және қазіргі заман авторларының қойылымдарын өнерсүйер қауым назарына ұсынды. Негізгі нысанға «Естайдың Қорланы» драмасын алғанымен, Асанәлі ағамыз марапаттау рәсімінде аталмыш үш шығарма үшін осы номинацияны ұсынып отырғанын айтты. Қаншама уақыттан бері режиссер болып жүргенімде, еліміз бойынша ұйымдастырылған фестивальдерден бұл атақты бірінші рет иеленіп отырмын. Бұған дейін халықаралық деңгейдегі фестивальдерден алып жүрген жүлде болғанымен, бұл бәйге маған өте қымбат болып отыр» дейді Қуандық Қасымов ағынан жарылып.

Ұқсас жаңалықтар